Акпараттық жүйелер
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
МАМАНДЫҚ ЖАЙЛЫ
Бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты мамандықтар қарқынды дамушы және сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Есептеу техникасы мен байланыс құралдарының дамуы, компьютерлердің адам қызметінің барлық салаларына енуі бизнес, өнеркәсіп және басқару үшін ИКТ-мамандардың үнемі ұлғаюшы сұранысқа ие болатындығын айтуға мүмкіндік береді.
ИКТ саласы әлемді өзгертті және де оның ары қарай өзгеруінде негізгі рөл алады. Компьютерсіз біз жұмыс жасай алмаймыз, және де оның тілін білетін адамдар – әр жерде сұранысқа ие. Канада, Германия және де басқа елдер шет елдік ИКТ-мамандарды бос жұмыс орындарын толықтыру үшін жұмыспен қамтамасыз етуге әзір.
“Бес жыл ішінде компаниялар не Интернетке ұсынылады, не болмаса қызметін тоқтатады», — бұл сөзді 1999 жылы Intel Энди Грувс корпорациясының басшысы айтқан еді. Оның болжамы сол кезде тым қайшылықты мәлімдеме болып көрінген еді, бірақ та бүгінде тіпті белсенді емес адамдардың өзі де оның сөзінің дұрыстығын мойындауға мәжбүр.
Ресейдегі және ТМД елдеріндегі ІВМ қаржы директоры Александр Гертнердің сөзі бойынша, қазір біз ІТ-бизнестің түрлену үдерісінің ең бір есте қаларлық сәтін бастан өткерудеміз. «Әлемдегі алпауыт таксопарк UBER-де автокөліктер жоқ, ең танымал медиаресурс Facebook контент құрастырмайды, ең үлкен бөлшектеп сату компанияларының бірі Alibaba-да өз дүкендері жоқ, ал қомақты қонақ үй желісі AirBnB-де бірде-бір нөмір жоқ». Қоғамның компьютерленуіне қарсы тұрудың еш мәні жоқ. Жағдай осылай болғандықтан, әлемге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша мамандар көптеп қажет. Олар кімдер? Олар бағдарламашылар, компьютерлік желілер администраторлары, web-дизайнерлер мен құрастырушылар, ақпаратты қорғау мамандары, деректерді өңдеу мамандары, компьютерлік графика және анимация мамандары, жасанды интеллект және роботтарды бағдарламалау саласының мамандары және де компьютерлік әлемге қызмет көрсететін әр күн сайын пайда болатын көптеген жаңа мамандықтардың мамандары.
Олардың барлығы — сәйкес біліктілігі мен еңбек өтілі болған жағдайда – жаһандық еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болады. Қазақстанда компьютерші мамандығы қазірдің өзінде беделді және жалақысыда жақсы. Осы саланың мамандары үнемі сұранысқа ие. Сол себепті көптеген студенттер екінші-үшінші курстың өзінде ақ қосалқы жұмысқа орналаса алады, және де оларда ары қарай жұмыс іздеу мәселелері пайда болмайды.
Мамандар оффшорлық деп аталатын бағдарламалаудың үлкен мүмкіндіктері жайлы айтуда, мұнда шет елдік компаниялар фрилансерлермен бағдарламалық қамтамасыздандыру әзірлеуге тапсырыс береді.
САЛАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
Бұлтты технологияны дамыту
Көптеген бизнес үдерістер бұлтты ортаға көшеді және ақырындап бизнестің өзін өзгертеді.
Шағын бизнес арзан әрі тегін «бұлтты» өнімді қолданады. Орташа және ірі – жеке және гибридті бұлттар. Компанияны оңтайландыру есебінен қомақты қаржы жұмсаусыз қажетті нәтижені алады. Деректерді сыртқы ортаға толық көшіруді қазір тек қана қауіпсіздік кідіртіп тұр.
Мобильділік
Бұлтты технологиялар бизнестің мобильділігін арттыруға алып келеді: бұл жерде компаниялар нақты бір оқшаулауға байланысты болмайтындығы, сонымен қатар компания қызметкерлері белгілі бір аймаққа тәуелді болмай, әлемнің кез-келген жерінде болса да жұмыс істей алатындығы жайлы айтылған.
Қашықтықтан оқыту технологияларын дамыту мобильділік жаңашылдығын білім беруге көшіруге мүмкіндік берді.
Үлкен деректер технологиялары (Big data)
Деректер мен аналитика – бизнеске алға қадам басуға мүмкіндік береді.
Big data негізделетін шешім нарықтың сұраныстарын талдау үшін керемет құрал болып табылады, ол Big data технологиясының көмегімен жүзеге асады. Сәйкесінше, бұл жерде бұндай аналитиканың нәтижесін дайын күйде беретін SааS шешімдерді жасау мен әзірлеудегі жаңашылдықтардың өсуін байқауға болады.
Заттар интернеті мен ақылды құрылғылар
ССS болжамы бойынша 2020 жылдары интернетке 50 миллиардтан астам әр түрлі техникалық құрылғылар қосулы болады, демек заттар интернеті – бұл жаңадан жаңалықтар күтуге болатын құрылым.
Барлық ақылды техниканы жасау және оған қызмет көрсету үшін автоматтандыру және ақпараттық жүйелер саласындағы мамандар сұранысқа ие болатындығы анық жағдай.
3D модельдеу және басып шығару
3D-басып шығару АТ-саласының ғана емес, бүкіл әлемнің де даму жаңашылдығы болды. Қазір тек қана ойыншықтар мен прототипті басып шығарып қана қоймай, сонымен қатар машиналарды, үйлерді, киім мен аяқ киімді, кондитер бұйымдарын, адам ағзаларын да басып шығарады.
Виртуалды шынайылық
Жақында Ванкуверде өткен ТЕD 2016 конференциясының сахнасында Kinect әзірлеушілерінің бірі Алекс Кипман жақын арада бізге үйреншікті экрандар ұмыт болады деп сенімді түрде мәлімдеме жасады. Кипманды саңырауқұлақтар мен NASA ғарышкерлерінің виртуалды бейнелері мқоршап тұрды. Ол виртуалды және қосымша шынайылық технологиясын қолданудың бастапқы кезеңін алғашқы адам өмірінде жазудың пайда болған кезеңімен салыстырды.
МЕН КІМ БОЛАМЫН?
Бағдарламашы
Web-дизайнер
Желілік администратор
Техникалық қолдау инженер
АТ-жобаларының менеджері
Алынатын біліктіліктер:
1. роботтандырылған, автоматы, автоматтандырылған және ақпараттық жүйелерді, деректер мен ақпарат ағындарын жіберу құралдарын жобалау, жөндеу және пайдалану;
2. технологиялық үдерістер жағдайын диагностикалау мен бағалау үшін аналитикалық және экспериментті зерттеулер өткізу;
3. Күрделі жүйелердің, өндірістік және технологиялық үдерістердің үлгілерін құрастыру;
4. Орындаушылар ұжымының жұмысын басқару және ұйымдастыру.
ОҚЫТУ НЫСАНЫ МЕН МЕРЗІМІ
Күндізгі оқыту нысаны
Күндізгі қысқартылған оқыту нысаны
ҚО мен күндізгі оқыту нысаны
(екінші жоғары білім базасында)
ҚО мен күндізгі оқыту нысаны
(техникалық және кәсіптік білім базасында)
Кешкі оқыту нысаны
(екінші жоғары білім базасында)
Кешкі оқыту нысаны
(техникалық және кәсіптік білім базасында)
МАМАНДЫҚТЫ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Қашықтықтан интернет арқылы білім беру
Заманауи қоғамның дамуы мобильділіксіз, сонымен қатар білім беру қызметтері бойынша мобилділіксіз ақылға қонымсыз. РИИ «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алуды сіз әлемнің кез-келген жерінде болсаңыз да жүзеге асыра аласыз, сізге қажеті тек қана компьютер мен интернет.
Қосымша ИКТ біліктіліктер
ИКТ-біліктілік бойынша дайындық Орталығының атқаратын жұмысы аясында қосымша ИКТ-біліктілігін алу (иеленетін біліктіліктер: «MS SQL деректер базасының әкімшісі», «Web-әзірлеуші», «Графикалық дизайн», «Компьютерлік желілер әкімдеушісі», «1С-кәсіпорын», АТ-сервис менеджері».
МАМАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ПӘНДЕР
-
Алгоритмдеу, деректер құрылымы және бағдарламалау
-
Желілік бағдарламалау негіздері
-
Мобильді платформаларға арналған бағдарламалау
-
Ақпараттық жүйелерді жобалау
-
ЕRР-қолданбаларды әзірлеу
-
Схемотехника
-
Антивирустық қамтамасыз етуді әзірлеу
-
Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
-
Ақпараттық жүйелердегі деректер базасы
-
Компьютерлік желілер
-
Әкімдеу және ақпараттық жүйелер сенімділігі
-
Компьютерлік жүйелер архитектурасы
-
Компьютерлік графика
-
3D-модельдеу және басып шығару
-
Мультимедиа-технологиялар
-
Web-дизайн
-
Web-бағдарламалау
-
Инновациялық менеджмент
-
Электрондық сауда
-
АТ-жобаларды басқару
СТУДЕНТТЕРДІ ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ДАЙЫНДАУ
Студенттер алдыңғы қатарлы АТ орталықтары мен кәсіпорындарында кәсіптік тәжірибеден өту кезеңінде тәжірибелік тұрғыдан машықтанады
2016 жылы студенттер Грецияның АТ-компанияларында тәжірибеден өтті: Foodtex Solution және ATS
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ
ЕРЖАНБАЕВА (НАЖМЕТДИНОВА) ЖАННА АЛИКОВНА
ҚР Қаржы Министрлігінің Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Комитеті жетекшісінің орынбасары
“РИИ барлық оқытушылар құрамына, бізге білім бергендердің барлығына да шын жүректен алғыс айтамын. Менің көзқарасым бойынша мұнда білім беруді мәртебе көретін адамдар жиналған! Институтқа даму мен көркеюді, игілікті әрі білімге құштар студенттерді тілеймін!
Өзімнің таныстарыма «Ақпараттық жүйелер» мамандығын міндетті түрде, әрі бар ынтаммен ұсынатын боламын”.
АЙТЕНОВ ДАУРЕН КАСЕНОВИЧ
ММ «Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының» қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы
“Мен 1999 жылы ЖОО таңдағанда, мен үшін шешуші фактор әрие, менің өз болашағымды қалай елестететіндігім, өзімді келешекте кім ретінде көретіндігім болды. Мен ақпараттық технологиялар саласы – әлемдік экономиканың ең бір болашағы зор саласы екендігін өте жақсы түсіндім.
РИИ сапалы білім ұсынып қана қоймай, сонымен қатар мен үшін барлық талаптарға сай келді: оқытушылар құрамы, болашақ курстастарым, білім беру жағдайы.
Уақыт менің таңдау жасағанда қателеспегендігімді көрсетті!”
ДАЙТХЕ АЛЕКСАНДР АРКАДЬЕВИЧ
Магистр, ЖШС «QSolution» директоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-корреспонденті
“Институтты мамандығым бойынша 2007 жылы бітірдім. Алдымен 1С қызмет көрсетумен айналысатын фирмада жұмыс істедім. Бірте-бірте оның директоры болдым. Қазір өзімнің АТ-компаниямды аштым. РИИ АТ-дайындықтың жоғары деңгейде екендігін атап өткім келеді”
СУХОВ МИХАИЛ ВАСИЛЬЕВИЧ
Техника ғылымдарының кандидаты, Қостанайдағы педагогикалық институт кафаедрасының меңгерушісі
“Бізге білім бергендердің бәріне алғыс айтқым келеді! Институтқа және «Ақпараттық жүйелер» мамандығына осылайша ғажайып қалпында қалуды және дамуды жалғастыруды тілеймін!”
СОКОЛОВСКАЯ (МОИСЕЕВА) НАТАЛИЯ ВИКТОРОВНА
ЖШС «Астана Импорт-экспорт» WMS бойынша техникалық сарапшы
“РИИ оқыған кезімді айтсам, сөзсіз студенттік өмірімнің көптеген жақсы және жарқын жақтары еске түседі: волейбол, саяхат, мейрамдар, қызықты сабақтар, КВН, емтихан тапсыру.
Институт кез-келген, кейде тығырыққа тірелген жағдайлардан да шешім тауып шығуға, ерекше шешім қабылдауға, өзімді қадағалауға үйретті. Алайда ең бастысы, ол маған мамандығым бойынша жақсы білім берді!
РИИ өзінде алуан түрлі студенттерді біріктіретіндігімен де қызықты. Сонымен қатар ол көптеген адамдарға достар тауып беретіндігін атап өткім келеді”