Абдрахман Батырбекович Найзабеков
Абдрахман Батырбекович Найзабеков
РИИ Ректоры, т.ғ.д., профессор, инженер-металлург
Оқытатын пәндер:
Металловедение
Металлургия процестерінің технологиясы
Металдарды қысыммен өңдеу
Білімі
- 1980 ж – Қарағанды металлургиялық комбинаты
- 1984-1987 ж – Мәскеу болат және қорытпалар институты аспиранты
Ғылыми зерттеу жұмысы бағдарламасы
Техника ғылымдарының докторы, профессор. 420-дан аса ғылыми-әдістемелік жұмыстарының авторы, соның ішінде, екі монография, авторлық куәліктер, патенттер, оқулықтар. Халықаралық инженерлік академия мен Ұлттық инженерлік академиянық мүше-корреспонденты, Жоғары мектеп ғылымдарының Ұлттық академиясының академигі. Білім саласының құрметті қызметкері, Қазақстан республикасының үш медалімен марапатталған, Қазақстан республикасындағы ғылым мен техника дамуына зор үлесі қосқаны үшін мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты.
Марапаттары: «Қазақстан респубикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 ж ), «Қазақстан конституциясына 10 жыл» 2005 ж, «Ерең еңбегі үшін» 2007 ж
Жұмыс тәжірибесі:
- 1980 ж – Қарағанды металлургиялық комбинаты тұсындағы завод ВТУЗ бітіргеннен кейін «Қызыл-ту» пластмасс өндіру заводында аумақ шебері болып жұмыс атқаруы
- 1981-1982 жж «металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы оқытушысы
- 1984-1987 жж Мәскеу болат және қорытпа институтының аспиранты
- 1988 ж кандидаттық диссертациясын қорғады
- 1988 ж Қарағанды металлургиялық институтында оқытушысы, доцент, кәсіби-техникалық факультетінің деканынң орынбасары, оқу ісі проректорының орынбасары, оқу ісі прореторы
- 1998 ж – Қарағанды металлургиялық интитутының ректоры, қазіргі «Қарағанды мемлекеттік индустриалды институты»
- 2006-2012 ж Темртаудағы «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы, Қарағанды облысы облыстық маслихатының депутаты, «Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті» АМК ректоры (Аумақтық мемлекеттік кәсіпорын)
- 2012 ж РИИ ректоры