Директорлар кеңесі
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Алигожин Бекет Қабиденұлы – ДК төрағасы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментінің директоры;

Сапарходжаев Нурбек Пажарбекұлы – Рудный индустриялық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор.

Якупов Филарет Зекиевич – ДК тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы, «Рудный соколовстрой» АҚ техникалық директоры;

Олкинян Людмила Юрьевна – ДК тәуелсіз директоры, «Аллюр компаниялар тобы» АҚ корпоративтік университетінің басшысы;

Абулгазиев Серікбай Әмірғалиұлы – ДК мүшесі, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Рудный қаласы бойынша филиалының директоры;

Иванова Анна Олеговна – ДК мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік меншік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия басқармасының басшысы;

Сағандықова Данагүл Аймұратқызы – Корпоративтік хатшының уақытша м. а.
КЕҢЕС ТУРАЛЫ
Рудный индустриялық университетінің Директорлар кеңесі «Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №408 бұйрығына сәйкес құрылды.
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
Директорлар кеңесін құрудың мақсаты Рудный индустриялық университетінің қызметіне корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу болып табылады.
Директорлар кеңесінің міндеттері:
1) университетті дамыту стратегиясы мен бағдарламаларын қалыптастыруға және оларды іске асыруға жәрдемдесу;
2) түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін бағалау;
3) университеттің инновациялық ғылыми-білім беру, зияткерлік орталық ретінде жұмыс істеуіне және кешенді дамуына жәрдемдесу;
4) қаржы ресурстарының тиімді жұмсалуын, қаржылық есептілікті бақылауды жүзеге асыру;
5) университеттің мемлекеттік, қоғамдық, іскерлік, бизнес құрылымдармен ынтымақтастығына жәрдемдесу;
6) университеттің халықаралық білім беру, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу;
7) университетті дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін қаржы қаражатын тартуға жәрдемдесу;
8) нысаналы капиталды және қаражаты университетті дамытуға пайдаланылатын басқа да қорларды қалыптастыруға жәрдемдесу;
9) білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің өңірлік, республикалық және халықаралық нарықтарында оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін университет қызметінің сыртқы және ішкі аудит жүйелерін дамытуға жәрдемдесу.