Лариса Леонидовна Божко
ЛАРИСА ЛЕОНИДОВНА БОЖКО
Лариса Леонидовна Божко
Оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор
Лариса Леонидовна Божко 1970 жылы 7 қарашада туылған.
1988 жылы Рудный қ. № 6 орта мектебін үздік бағамен бітірген.
1993 жылы «Экономика және машина жасаудағы басқару» мамандыған инженер-экономист біліктілігі бойынша Қорған машина жасау институтын үздік бағамен бітірген.
1997 жылы желтоқсанда кандидаттық диссертациясын қорғаған. 1998 жыы экономикалық ғылым кандидатының дәрежесін игерген. 2011 жылы дәрежесін экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.
Экономикалық ғылым кандидаты, РФ экономика ғылымдарының докторы, доцент м.а.
2015 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясы академигі болып тағайындалды. Л.Л. Божко «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2007» грантының иегері болып табылады. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ғылыми қызметтегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірігінің мадақтамасымен марапатталған.
Жұмыс өтілі:
1993 жылғы шілдеден 1998 жылғы қыркүйекке дейін – Рудный индустриалдық институтының экономика және өндірісті басқару кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;
1998 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы маусымға дейін – Рудный индустриалдық институтының экономика кафедрасының меңгерушісі;
2008 жылғы шілдеден 2010 жылғы тамызға дейін – Рудный индустриалдық институтының оқу жұмыстары жөніндегі проректор;
2010 жығы тамыздан 2012 жылғы 2012 жылғы қыркүйекке дейін – Рудный индустриалдық институтының экономика кафедрасының меңгерушісі;
2012 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін – Рудный индустриалдық институтының оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі проректор;
120 жариялымдары, оның ішінде 40 оқу-әдістемелік материалдары бар. Жариялымдар тақырыбы заманауи өгерістер жағдайындағы бизнес-білім сапасын басқару, аумақтағы өндірістің дамуы, әсіресе шекаралық аумақты дамытуды болжау және стратегиялық жоспарлау сияқты мәселелерді енгізген.