образ-программ-каф-ИиСГД-каз


Инженерлік және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер білім беру бағдарламалары

«Көлік техникасы мен технологиялары» білім беру бағдарламасы көлік техникасы мен технологиялары саласында негізгі және кәсіби құзыреті бар, бәсекеге қабілетті, бастамашыл, командада жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Білім беру мақсаттары

1-мақсат – Машина жасау және жөндеу өндірістерінің ұйымдық құрылымын білетін бакалаврларды даярлауды қамтамасыз ету; көлік техникасын салыстыру және бағалау негіздерін; өндірісті талдау және жетілдіру кезінде оларды пайдаланудың бағдарламалық-нысаналы әдістері мен әдістемесін; зерттеу және жобалау дағдыларын меңгерген, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін білетін.

2-мақсат – Бакалаврлардың қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, автоматтандырылған жобалау жүйелерiн пайдаланудың ғылыми даярлығы мен практикалық дағдыларын алуына ықпал ету.

3-мақсат – Білім алушыларда командада жұмыс істеу дағдыларын, өндірістік және этикалық жауапкершілікті, әртүрлі мамандармен жұмыс істеу және қарым-қатынас жасау қабілетін, өз білімі мен шеберлігін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.

4-мақсат – Білім алушыларды көлік техникасы саласында, мемлекеттік ұйымдар мен оқу орындарында іргелі білімді, іскерлік пен дағдыларды қамтамасыз ететін пәндер арқылы кәсіптік қызметке даярлау.

«Көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры мынадай арнайы құзыреттерге ие:

  1. Көлік техникасын жасауға және жөндеуге арналған конструкторлық, технологиялық, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.
  2. Көлік техникасы мен жабдықтарын жасау технологиясы.
  3. Көлiк техникасын пайдалануға және жөндеуге байланысты қызметтердi, кәсiпорындарды ұйымдастыру және басқару.
  4. Технологиялық, конструкторлық, эстетикалық, экономикалық және басқа параметрлерді ескере отырып, машиналар мен жабдықтардың жобаларын әзірлеу.
  5. Материалдарды, көлік техникасы мен жабдықтарды таңдау кезінде ақпараттық технологияларды пайдалану.
  6. Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқаулық.

Соңғы жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген ЖОО-ның білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша білім беру бағдарламасы ТОП-10-ға кірді.

Қазақстанның Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің рейтингісінде білім беру бағдарламасы 2023 жылы 4-орынды, ал 2024 жылы 3-орынды иеленді.

pdf

ҚҰЖАТТАР:

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz