Ольга Викторовна Кононенко

ОЛЬГА ВИКТОРОВНА КОНОНЕНКО

Ольга Викторовна Кононенко Қостанай облысы, Рудный қаласында 1969 жылы 25 шілдеде туылған, орыс.

1992 жылы тарих және қоғамтану мұғалімі мамандығы бойынша КСРО 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолы Қазақстан Республикасының білім жүйесімен басланысты.

1986 жылғы желтоқсаннан бастап 1991 жылғы қыркүйекке дейін Рудный қаласының № 19 орта мектебінде аға пионер вожатый болып жұмыс істеген.

1991 жылғы қыркүйектен 1995 жылғы қаңтарға дейін Рудный қаласының № 10 орта мектебінде тарих мұғалімі қызметінде жұмыс істеген.

1995 жылғы қаңтардан 1998 жылғы тамызға дейін – Қиыр солтүстіктің № 22 Беркакит орта мектебінде тарих мұғалімі;

1999 жылдан 2010 жылғы наурызға дейін – Рудный қаласының № 10 орта мектеп диреторының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы желтоқсанға дейін «Рудный қаласының № 10 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіның диреторы.

2013 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін «Рудный қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекмесінің басшысы.

«Рудный қалалық білім бөлімі» ММ мадақтамасымен, «Қостанай облысының білім департаменті» ММ мадақтамасымен марапатталған.

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz