РИИ Студенттер Кіші Ассамблеясы

РИИ СТУДЕНТТЕР КІШІ АССАМБЛЕЯСЫ

КІШІ АССАМБЛЕЯНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Кіші Ассамблея мақсаты – қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани-мәдени ортақтық пен бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үрдісі негізінде институттың студенттік қоғамында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету.
  2. Кіші Ассамблеяның негізгі міндеті болып:

1) ұлтаралық қарым-қатынаста, студенттік ортада ұлтаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайтуға қолайлы жағдай туғызу үшін Институт әкімшілігі мен студенттік өзін-өзі басқарудың тиімді байланысын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан қоғамындағы ішкі бәтуаластықтың басты құндылығы, студенттер бірлігін нығайту, демеу және одан әрі дамыту;

3) студенттердің еркіндік пен құқығына қысым көрсету, қарсы әрекетке ұмтылу бағытында Институт әкімшілігіне жәрдем көртсету;

4) демократиялық үлгіге сүйене отырып, студенттердің саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

5) студенттерге тіл мен дәстүрлерді жандандыру, ұлттық мәдениетті дамыту және сақтау.

КІШІ АССАМБЛЕЯ ҚАҒИДАТЫ БОЛЫП

1) студенттер еркіндігі мен құқығының басымдылығы болуы;

2) студенттер еркіндігі мен оның нәсілдегі тепе-теңдігі, ұлты, тілі, дінмен байланысы, тағы да басқа жағдайлардағы сенімділігі;

3) жариялау.

КІШІ АССАМБЛЕЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1) жәрдемшілік ретінде одан әрі мемлекеттік ұлттық саясатты дамыту;

2) Қазақстанда отаншылдықты  құру барсында жәрдемдесу;

3) Қазақстанда тұратын басқа тілді халықтарға, мемлекеттік тілді дамыту;

4) этникааралық ортада аймақтық саясатты жетілдіру;

5) ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталу аясын, Қазақстандық модельдерді шет елдерде үгіттеу;

6) ұлтаралық қатынастарда алауыздақтар мен дауларды реттеу, конфликті жағдайларды болдырмау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

7) студенттер арасында ұлтаралық қатынас барысындағы сұрақтар бойынша пікір сайыс іс-шараларын өткізуді қамтамасыздандыру;

8) ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша институттармен азаматтық қоғам мәселесін өзара әрекеттестіру.

КІШІ АССАМБЛЕЯНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

  1. Кіші Ассамблеяны Төраға басқарады, Кіші Ассамблея Кеңесі және Кіші Ассамблея қызметін жалпы жетекшілікпен іске асырады.
  2. Кіші Ассамблея құрамына Кеңес және Хатшылық кіреді.
  3. Факультеттен студенттер делегаты және студенттерді басқару, Институт басшысы мен факультет құрған саны жағынан Кеңес алқа органы болып табылады.
  4. Кеңес Отырысына, Кеңес Төрағасы немесе Кіші Ассамблея орынбасарын, қажетті жағдайда Кіші Ассамблея Төрағасының келісімімен, алты айда бір рет шақырылады.
  5. Кеңес өкілдігіне жатқызады:

1) Кеңес мүшелері кандидатураны қарастырады;

2) Институтта мемлекеттік ұлттық саясатты дамытуға ұсыныс жасау үшін қалыптастыру;

3) Хатшылықтың жұмыс жоспарын, Кеңес күн тәртібінде қарастыру және  оны бекіту;

4) Кіші Ассамблея Хатшылығы мен Кеңес мүшелерінің есеп беруін тыңдау.

  1. Кіші Ассамблея Хатшылығы, Кіші Ассамблея жұмысшы органы болып табылады және Институт Әкімшілік құрамына кіреді, Ереже арқылы қызметі   реттеледі.

Хатшылық Студенттік жастар орталығын басқарады және бір уақытта Кіші Ассамблея Төрағасының орынбасары болуы қажет.

Кеңес шешімі және Кіші Ассамблея төраға тапсырмасын, Хатшылық міндетті түрде орындау қажет.

  1. Хатшылықтың басты қызметі:

1) Кіші Ассамблея қызметін ұйымдастыру және қамсыздандыру;

2) Кіші Ассамблея қызметіне байланысты Жоспар жұмысы бойынша сұраулар, ақпараттық, талдамалы және әдістемелік материалдарды дайындау;

3) Бекітілген Жоспарға сәйкес Институтта ұлтаралық келісімдер, акциялар және іс шараларды өткізу;

4) студенттік қоғамында ұлтаралық қатынастар, келісім мен тұрақтылықты дамыту мен  нығайту бойынша бірлескен жоспарлар шеңберінде институт факультеттері мен студенттік өзін-өзі басқару қызметін үйлестіру.

  1. Кіші Ассамбея Кеңес алдында, Хатшылық есеп береді.

КІШІ АССАМБЛЕЯ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ

Қеңес мүшелері құқылы:

 – Кеңес талқылаған мәселелерде сұрақтарды талқылауға қатысуға;

– Кеңес шешімінен кейін өз ой-пікірін, көзқарасын және еркін ашық айтуға;

– Кеңес мүшесінен өз еркі бойынша шығуға.

Кеңес мүшелері міндетті:

 – Кеңес талқылаған мәселелерде сұрақтарды талқылауға қатысуға;

 – Кеңес шешімінен кейін өз ой-пікірін, көзқарасын және еркін ашық айтуға;

– Кіші Ассамбея негізі міндеті мен мақсаты өмірде белсенді ат салысу және оның ойы мен қызметін жүзеге асыру болып табылады;

– Кіші Ассамблея және Институт, Қазақстан Республика беделін, адын-ала сақтандыру және әрекеттің болдырмауын, Кіші Ассамблея абыройын түсірмеуге икемдену болып табылады;

– Кіші Ассамблея тапсырмасын адал ниетпен орындауға міндетті.

БАЙЛАНЫС

Председатель

Председатель Совета
Жумагалиева Айгуль Батырхановна
Директор департамента по воспитательной и социальной работе
Телефон: 8 (71431) 9 55 73

Заместитель председателя

Студентка 3 курса, специальность «Строительство».

Заместитель председателя Малой Ассамблеи студентов Рудненского индустриального института

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz